Этникаралық және конфессияаралық қатынастың қазақстандық моделін әлемге кеңінен тарату қажет - Президент

Бүгін Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Н. Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды.
Елбасының айтуынша, осы мақсатта этникаралық және конфессияаралық төзімділік тақырыбы шешуші басымдық болып таңдалған ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның алдағы төрағалығын пайдалану маңызды болып табылады. Бұл «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан. «Ассамблеяның хатшылығы ұлтаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін жинақтап, негізгі еуропалық тілдерде «Қазақстан: Бірлік пен келісімнің ықпалдасу қалпы» деген тақырыпта арнайы кітап шығаруы қажет», деді Н. Назарбаев.
Елбасы Қазақстан Астанада ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитін өткізу туралы бастама көтергенін айта келе: «Онда этникаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күн тәртібінің жеке тармағы ретінде қарастыру қажет. Бұл идея ұйымдағы біздің көптеген әріптестеріміздің қолдауына ие болуда», деді.
«Келесі жылы Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ жариялаған Халықаралық мәдениеттердің жақындасу жылына арналған конференцияны өткізу жоспарланып отыр. Осы мәселелердің барлығына Қазақстан халқы Ассамблеясы белсене қатысуы тиіс», деді Н. Назарбаев.