Этносаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі көп елдерде қолданылса, әлем қауіпсіздігі арта түсер еді - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Этносаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі әлемді қауіпсіз жасар еді. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ХХІІ сессиясында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Этносаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі көп елдерде қолданылса, әлем қауіпсіздігі арта түсер еді - Елбасы

Елбасы өз сөзінде этникалық келісімнің қазақстандық тәжірибесін қолданған елдердің қатарына көбейе түссе, әлемнің қауіпсіздігі арта түсетіндігіне сенімді екенін баса айтты.

«Біз Исламның қасиетті құндылықтарын келекеге айналдырған Еуропадағы исламофобияның арта түсуін байқап отырмыз. Осы және өзге де оқиғалар тарихшылар қалай түсіндірсе де ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы нәзік проблемалар мен қазіргі сын-қатерлердің жаһандық келбетін қуаттай түседі. Кез келген елдің күш-қуаты - оның халқының бірлігінде», - деді Мемлекет басшысы.