Этносаралық мәселелермен айналысатын Жетекші журналист-сарапшылар клубының бірінші отырысы өтті

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар мәселесімен айналысатын Жетекші журналист-сарапшылар клубының бірінші отырысы болып өтті.
None
None

Аталмыш клуб Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін кеңестік-сараптық және ақпараттық орган болып табылады. Оның құрамына этносаралық тақырыпты жарыққа шығаратын республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші журналистері мен этносаралық қарым-қатынастар саласындағы сарапшылар кіріп отыр. Клубтың тұсаукесері 2009 жылдың күзінде өткен болатын.

Сарапшылар клубының міндеттері ұлттар арасында төзімділікті нығайтуға атсалысу, мемлекеттегі этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, азаматтық бірлікті, патриотизм мен рухани-мәдени қауымдастықты қамтамасыз етуге бағытталады. Бірінші отырыс барысында жиынға қатысушылар ағымдағы жылы қабылданған Қазақстанның ел бірлігі доктринасын жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ біртұтас ақпараттық кеңістікті құру мәселелері талқыланды.

«Тәуелсіздігінен бері қарай әлемдік аренада нақты бір деңгейді бағындырған Қазақстанды халықаралық қауымдастықтың мойындауы арта түсуде, еліміздің әлемдік беделді ұйымдарға төрағалық етуі соның айғағы. Бұл ретте Қазақстанның ұлт бірлігі, дінаралық, конфессияаралық, этносаралық мәселелеріне халықаралық қауымдастықтың назары ерекше. Мәселен, қоғамдық келісімге байланысты Копенгаген қаласында әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің өкілдерінің қатысуымен өткен алқалы жиынға Қазақстан жетекшілік етті», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжан.

Отырыс барысында кәсіби мерекелерінің қарсаңында этносаралық қатынастар төңірегіндегі мәселелерді кеңінен жариялайтын БАҚ өкілдері марапатталды.

Соңғы жаңалықтар