Этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!», делінген хабарламада.