Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - 24 желтоқсанда этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды,
деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биыл байқау келесі аталымдар бойынша өткізілді:
1) Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы Мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялаған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;
4) Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;
5) мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар, теле-радио бағдарламалар.
Нәтижесінде, «Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» номинациясы бойынша - «Знамя труда» газетінің тілшісі Михаил Тё жеңімпаз деп танылды.
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы Мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялаған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» аталымында ҚР Түрік этномәдени орталығының халықаралық «Ахыска» басылымының тілшісі Гүлбану Қалтөре үздік шықты.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» номинациясы бойынша Қостанай облысының «Сарыкөл» газетінің тілшісі Наталья Комарова жеңімпаз аталды.
«Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» номинациясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, балаларға арналған басылымдар мен ғылыми жарияланымдардың авторы Людмила Хочиева жеңіске жетті.
«Мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар, теле-радио бағдарламалары» номинациясы бойынша ҚР мәдениет қайраткері, Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі, жазушы - журналист Сабыржан Шүкірұлы жеңімпаз деп танылды.