Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындылары жарияланды

 АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Думан» қонақүйінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындысын жариялады.

Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындылары жарияланды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Оразбайұлы Қырықбаев жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылы конкурс мына аталымдар бойынша жүргізілді:

- Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялаған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;

- Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;

- Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;

- мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар,  теле-радио бағдарламалары.

-«Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» аталымы бойынша - «Знамя труда» газетінің тілшісі Михаил Борисович Тё жеңімпаз деп танылды.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы Мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялаған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» ҚР Түрік этномәдени орталығының халықаралық «Ахыска» басылымының тілшісі Гүлбану Қалтөре жеңімпаз деп танылды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» аталымы бойынша Қостанай облысының «Сарыкөл» газетінің тілшісі Наталья Николаевна Комарова жеңімпаз деп танылды.

«Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» аталымы бойынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, балаларға арналған басылымдар мен ғылыми жарияланымдардың авторы Людмила Хисаевна Хочиева жеңімпаз деп танылды.

 «Мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар,  теле-радио бағдарламалары» аталымы бойынша ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Журналистер одағының, Жазушылар одағының мүшесі, жазушы - журналист Сабыржан Шүкірұлы жеңімпаз деп танылды.