Етті мал шаруашылын дамыту үшін жем-шөп өндіруге арналған жеке бағдарлама қажет - А. Селюлев

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп өндіруге арналған жеке бағдарлама қажет.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің депутаттарымен кездесуі барысында «Мал өнімдері» корпорациясының Басқарма басшысы Александр Селюлев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні елімізде дәл осы бағыттағы бағдарлама әлі де жоқ. Дегенмен, жем-шөп өндірісін дұрыс жолға қоймай тұрып, етті мал өнімділігін арттыру туралы мәселе қозғау да мүмкін емес», деді А. Селюлев. Басқарма Төрағасының алға тартқан мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 90-шы жылдары жем мен жем-шөп өндірудің жалпы айналымында 12,5 млн. гектар жер болған. Жыл сайын бұл орындарда біржылдық, көпжылдық жемдік шабындықтар егіліп отырған.

«Ал өткен 2009 жылы жем-шөп әзірлеу мақсатындағы себілген шабындықтың ауқымы 2,5 млн. гектарды ғана құрайды. Осы фактінің өзі жем-шөп саласына мемлекеттік қолдаудың қажет екендігін көрсетеді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар