Eurasian Natural Resources Corporation Plc компаниясы Директорлар кеңесінің құрамында өзгертулер болғанын хабарлады
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Қарапайым акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне кіретін Eurasian Natural Resources Corporation Plc компаниясы Директорлар кеңесінің құрамында өзгертулер болғаны жайлы хабардар етті,
деп хабарлады қор биржасының баспасөз қызметінен.
Eurasian Natural Resources Corporation PLC («ENRC» немесе «Группа») Директорлар кеңесінің құрамынан Тәуелсіз атқарушы емес директор Майкл Эгглтонның шығарылғаны және бұл шешімнің өз күшіне дереу енгені туралы мәлім етті. Майкл Эгглтон «Еуразиялық банктің» бас атқарушы директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Директорлар кеңесінен шығып отыр.