ЕурАзЭҚ аясында дағдарысқа қарсы құрылатын ортақ қордың қаржысы Еуразиялық даму банкі арқылы басқарылатын болды

АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ЕурАзЭҚ мемлекетаралық экономикалық қауымдастық кеңесінің шешімімен экономикалық қауымдастық аясында құрылатын дағдарысқа қарсы ортақ қордың қаржысын басқару қор кеңесі мен Евразиялық даму банкіне (ЕАДБ) жүктелетін болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕАДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қор кеңесіне қатысушы елдердің қаржы министрлері кіреді. ЕАДБ қор қаржысын басқарумен қатар, бұл қаржыны мемлекетаралық жобаларды несиелендіруге де бөле алатын болды. ЕАДБ басқарма төрағасы Игорь Финогеновтың айтуынша бұндай қорды құру ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің экономикасына тиімді әрі дер кезінде қолданған шара болмақ. Қазіргі ЕАДБ-ның қатысушылары құрамында Қазақстан мен Ресей бар. Армения, Белоруссия және Тәжікстан қатысушылар құрамына кіруге өтініш беріп, өткен жылдың желтоқсан айында банк кеңесінен рұқсат алған болатын. Ал Қырғызстан тарапы кіруге өтініш дайындау үстінде. Бүгінде ЕАДБ-ның жарғылық капиталы 1,5 миллиард долларды құрайды.
Соңғы жаңалықтар