ЕурАзЭҚ елдерінің Дағдарысқа қарсы қоры - 10 миллиард доллар

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Шілденің 8-і.  ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ЕурАзЭҚ елдерінің     Дағдарысқа   қарсы  қорының  жалпы көлемі  10 миллиард долларды  құрайтын  болады.
None
None


 Бұл  соманың 7,5 миллиардын    Ресей   қосады.  Қор    2009 жылдың  қыркүйек айынан  бастап  жұмыс істей бастайды. Бұл мәселе  РФ Федерация  Кеңесі  сейсенбі күні  бекіткен  «2009 жылға арналған  федералдық бюджет пен   2010  және 2011 жылдардағы жоспарлы кезеңдерге арналған  бюджеттер  туралы»   федералды  заңға  өзгертулер   енгізу  туралы»  заң  жобасында қарастырылып  отыр,  деп     хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

 Заң  жобасымен  сондай-ақ, 20  құпия  хаттамаға түзету   және  мемлекеттік  несиелер беру бағдарламасына  өзгертулер  енгізіліп  отыр.   Бұл мәселені  Молдованың  үкіметі мен   президенті  көтерген болатын. Ресей Федерациясына  жасалған     үндеуде     Молдоваға мемлекеттік  несие  беру  туралы  өтініш айтылған  еді.

 Бұдан бұрын   хабарлағандай,  ЕурАзЭҚ елдерінің  үкімет басшылары    Арменияның   қатысумен 2009   жылы   маусымның 9-ында  Дағдарысқа қарсы    қор құру  туралы  шартқа  қол   қойған болатын.   Қор  қаражаты    қатысушы мемлекеттерге  егемен  займдар   мен тұрақтандырушы несиелер ретінде   берілетін  болады,  сондай-ақ     мемлекетаралық  инвестициялық жобаларды  қаржыландыруға   арналады.

Соңғы жаңалықтар