ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім депутаттар талқысына ұсынылмақ

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды,

ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім депутаттар талқысына ұсынылмақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында өткізілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің кезекті 22 отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылған болатын. Келісім ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің инвестициялық ахуалын жақсартуға және елдер арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады. Мысалы, Келісімде қатысушы елдердің инвестицияларына және инвесторларына қатысты өзара әділ және кемсітпейтін режим ұсыну көзделген.«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңға сәйкес, осындай халықаралық шарттар ратификациялануға тиіс. Аталған заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылды.