ЕурАзЭҚ-тағы ықпалдастық үдерістерінде Кедендік одақ бірінші саты - Сергей Глазьев

ЛМАТЫ. 13 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ЕурАзЭҚ-тағы ықпалдастықтың келесі қадамы Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК) құру. Оны Кедендік одақ комиссиясының Жауапты хатшысы Сергей Глазьев бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кедендік одақ және ЕурАзЭҚ Бірыңғай экономикалық кеңістігі: ары қарай ықпалдасудың келешегі» деп аталатын VI Халықаралық конференцияда айтты.

ЕурАзЭҚ-тағы   ықпалдастық үдерістерінде Кедендік одақ бірінші саты  - Сергей Глазьев

«Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында тауар, қызмет, капитал және еңбек нарығы толығады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік іске қосылады. Экономикалық ықпалдастықтың одан кейінгі кезеңі - Еуропалық экономикалық одақ үлгісіндегі жалпы экономикалық кеңістіктің құрылымдарын қалыптастыру болмақ», - дейді С. Глазьев. Оның айтуынша, қазір Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастырудың жоспары жасалуда. Сол себепті Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру экономикалық ықпалдастықтың жалғасы. Ол капитал, тауар, еңбек нарығын толықтырып, бәсекелестікке теңдей жағдай туғызады. Келісімдер топтамасына - монопололияға қарсы реттеу, мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету еніп отыр. Сергей Юрьевичтің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Кеден одағына мүше елдер Бірыңғай экономикалық кеңістіктің 17 келісімін бекітті. Ал ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттер арасынан Кеден одағына кірмеген Қырғызстан мен Тәжікстан ықпалдастық үдерісіне кез-келген уақытта қосыла алады. Мәселен, Қырғызстан қазірдің өзінде Кедендік одаққа кіруге өтініш беріп отыр. Алдағы уақытта енді оған Тәжікстан да кірмек.