ЕурАзЭҚ-тың монополияға қарсы кодексі 2015-20156 жылдары қабылдануы мүмкін

АСТАНА.  9 қазан. ҚазАқпарат - ЕурАзЭқ-тың монополияға қарсы кодексі 2015-20156 жылдары қабылдануы мүмкін.  
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі - алқа мүшесі Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі сөз арасында бүгінгі жағдайдағы үш елдің монополияға қарсы заңнамасындағы ерекшеліктер мен қайшылықтарға тоқталып өтті. «Ал талқыланып отырған заң жобасы үш елдің бәсекелестіктің бірыңғай қағидалары мен қағидаттары туралы келісімге сәйкес келеді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда негізгі жұмыстардың бірі БЭК аясындағы нарықтарға ену кедергілерін алып тастауда болып отыр», - дейді Н. Алдабергенов.

Сонымен қатар, комиссия мүшесі ЕурАзЭқ аясында қабылдануы мүмкін ортақ монополияға қарсы заңнамаға тоқтала келе, бұл құжаттың ұлттық заңнаманы толықтыра түсетінін атап өтті. «Біз қазір «Бәсекелестік туралы» заң жобасын қарап жатырмыз. Келесі жылы шілдеде «Бәсекелестік туралы» үлгі заңын қабылдаймыз. Бұл құжат ұсыныс сипатында болады және онда монополистер тарапынан жасалуы мүмкін бұзушылықтарға қарсы әрекет етудің  ең үздік әдістері көрініс табады. Сол құжат қабылданған соң әр мемлекет өз заңнамасын соған сәйкестендіреді. Сосын біраз уақыт өткен соң заңның тиімділігіне қарай ортақ Кедендік кодекс секілді монополияға қарсы кодекс қабылданады. Бұл шамамен 2015-2016 жылдары болуы ықтимал», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар