«Еуразия Барысы» додасының жүлде қоры 20 млн теңге болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен «Еуразия Барысы» xалықаралық турнирінің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Жүлде қоры 20 миллион теңге. Бірінші орын алған палуанға 10 миллион, екіншіге - алты миллион, үшіншіге - төрт миллион беріледі», - деді Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, турнир 1 желтоқсанда төртінші мәрте өтпек. Оған Грузия, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен палуандар қатысады деп күтілуде.
Қатысушылар барлық сегіз салмақта өнер көрсетеді. «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевтың атап өткеніндей, аталмыш доданы тікелей эфирде қазақстандық телеарналардан бөлек, ресейлік, түркиялық телеарналар да көрсетеді.