«Еуразия барысы»: Грузия балуандары қола жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде Грузия балуандары үшінші орын үшін додада Украина балуандарын 6:2 есебімен ұтып, қола жүлдені қанжығасына байлады, деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразия барысы»: Грузия балуандары қола жүлдегер атанды

Естеріңізге сала кетейік, Грузия балуандары халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде осыған дейін де бақ сынап, үшінші орынға табан тіреген еді. Бұл олардың екінші ірі жеңісі.

Енді, қазақ балуандары мен Монғолия балуандары бас жүлдені сарапқа салады.