«Еуразия Барысы»: «Қазақстан 2» командасы Грузия балуандарын қапы қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде «Қазақстан 2» командасы Грузия балуандарын 6:2 есебімен ұтып, келесі айналымға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразия Барысы»: «Қазақстан 2» командасы Грузия балуандарын қапы қалдырды

«Қазақстан 2» командасы сапынан 74 және 90 келі салмақта сынға түскен екі балуанымыз қарсыластарына жол бергенімен, өзге балуандарымыз мықтылығын дәлелдеп, алғашқы іріктеуден сүрінбей өтті.

Енді, «Қазақстан 2» командасы Бразилия мен Өзбекстан командасының жеңімпазымен сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өзбекстен құрамасы Камерун балуандарын 7:1 есебімен ұтып, жеңіске жеткен болатын.

Аталған додада Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан балуандары өзара командалық сында бақ сынайды. Қазақ балуандары жарысты ұйымдастырушы ел ретінде екі құраммен өнер көрсетеді. Ал өзге елдер бір құраммен 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша мықтыны анықтайды.