«Еуразия Барысы»: Өзбекстан Камерун балуандарын ұтып, келесі айналымға өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен «Алматы Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде өзбек балуандары Камерун балуандарын 7:1 есебімен ұтып, келесі айналымға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразия Барысы»: Өзбекстан Камерун балуандарын ұтып, келесі айналымға өтті

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан балуандары өзара командалық сында бақ сынайды. Қазақ балуандары жарысты ұйымдастырушы ел ретінде екі құраммен өнер көрсетеді. Ал өзге елдер бір құраммен 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша мықтыны анықтайды.