«Еуразия» бассейні - мұнай өндірілетін негізгі аумақ

Аталған жоба еліміздің Каспий маңы ойпатының құрлықтағы, теңіздегі және Ресей Федерациясының аумағындағы терең қабаттарды барлауды көздейді. Болжам бойынша, «Еуразия» бассейнінің тереңдігі шамамен 20-25 шақырымды құрайтын болады. 3 кезеңмен 2015-2020 жылдар аралығында жүзеге асады деп жоспарланған. Жоба құны шамамен 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұнда алғашқы басымдық Каспий маңы ойпатына беріліп отыр. Себебі ол Қазақстан мен Ресейде мұнай өндірілетін негізгі аумақ болып табылады. Аталған жобаны қолға алмас бұрын мамандар Мексика шығанағы сынды терең бассейндердегі бұрғылау тәжірибесін, сондай-ақ Бразилия мен Сахалин аймақтарындағы соңғы жетістіктерді зерттеген.
«Еуразия» жобасы Каспий маңындағы бассейндерге өңірлік кешенді зерттеу жүргізуге, ірі консорциум құруға бағытталған KAZENERGY-дің идеясы боп табылады. Бұл бір ғана Каспий деген сөз емес, Каспий де осы жобаның бір бөлігі боп табылады. Аталған жобаның келешегі зор және әлеуеті жоғары болады деген ойдамыз», - деп атап өтті ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.