Еуразия даму банкі астық өңдеу комбинаты жобасын қаржыландырады

 АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Еуразия даму банкі «Қазэкспортастық» АҚ-ының 2,7 миллиард теңгелік жобасын қаржыландыратын болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба бойынша аталған қаржыға «Қазэкспортастық» АҚ Ақмола облысында астық өңдеу комбинатына жабдықтар алып, іске қоспақ.Банктің хабарлауынша, жоба банктің стратегиясына сәйкес келеді.Өйткені жоба Қазақстанның экономикалық өсуі мен агроөнеркәсіп саласының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.Сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның сауда саласындағы байланысының кеңеюіне мүмкіндік бермек.Өйткені іске қосылатын комбинат өнімдері негізінен Ресей нарығына бағытталған.

2008 жылдың желтоқсан айында Еуразия даму банкі аталған компанияның тағы бір жобасын 18,9 миллион долларға қаржыландырған болатын.Жоба сәтті жүзеге асырылып, еліміздің астық өнімдеріне ішкі сұранысының өтелуіне мүмкіндік жасалған.

 Қазақпарат анықтамасы:«Қазэкспортастық» АҚ 1999 жылы құрылған Қазақстандағы ірі астық компаниясының бірі болып табылады.Өткен жылы компанияның қаржы айналымы 290 миллион долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар