12:58, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Еуразия даму банкі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға 10 млн. доллардың мақсатты несие желісін ұсынды
АЛМАТЫ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еуразия даму банкі 5 жыл мерзімге «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на 10 млн. доллардың мақсатты несие желісін ұсынды.

Ол алғашқы кезекте халықаралық қаржы институтына қатысушы елдерден Қазақстанға ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтарын жеткізуді қаржыландыруға жұмсалмақ.
Бұған дейін наурыз айында да банк «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на ауылшаруашылық техникаларын жеткізуге 20 млн. доллардың несиесін берген болатын. Сондай-ақ 2012 жылдың шілдесінде оның Deere Credit Inc компаниясындағы ауылшаруашылық техникасын сатып алып, агроөнеркәсіп кәсіпорындарына лизингке беру туралы міндеттемесіне 5 жылдық кепілге 10 млн. доллар берген еді.