Еуразия даму банкі «Кенлік» мұнай кен орнындағы ілеспе газды өнеркәсіптік кәдеге асыруды ұйымдастыру жобасын қаржыландыруға қатысады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Еуразия даму банкі Қызылорда облысындағы «Кенлік» мұнай кен орнындағы ілеспе газды өнеркәсіптік кәдеге жаратуды ұйымдастыру жобасын қаржыландыруға қатысатынын жариялады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еуразия даму банкі мен «Kazfrac» ЖШС арасында қол қойылған несиелік келісім бойынша жобаны жүзеге асыруға банк 8 жыл мерзімге жаңартылмайтын несие желісі бойынша 25 милллион доллар ұсынады. Бұл жобада мұнайдың ілеспе газын жақпай, өңдеп тиімді пайдалану көзделіп отыр. Одан алынатын химиялық өнімдер (сығымдалған пропан-бутан және газды бензин) коммуналдық шаруашылықта отын түрінде және мұнайхимиясы кәсіпорындары мен зауыттарында органикалық ситез ретінде қолданылады.
Соңғы жаңалықтар