Еуразия даму банкі мен

деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразия даму банкіне сілтеме жасап.
Келісімге сәйкес банк "Сырымбет" АҚ-на 10 жыл мерзімге 48,7 миллион доллар көлемінде несие береді. Жоба аясында өндіру және кен байытудан бастап металдық қалайы өндіруге дейінгі барлық кезеңді қамтитын толық циклді жаңа өндіріс іске қосылмақ. Кәсіпорын Қазақстандағы - жалғыз, ал Орталық Азиядағы ірі "Сырымбет" қалайы кен орнын қолданады. Салынатын жаңа өндіріс үшін құрал-жабдықтар Ресей, Қазақстан және тағы басқа бірқатар елдерден сатып алынбақ. Жылына 6 мың тонналық металдық қалайы өндіретін жобалық қуатына іске қосылғаннан кейін 1 жылдан кейін қол жеткізбек. Алғашқы жылы жобалық қуатының 50 пайызы көлемінде тауарлық өнім өндіретін болады. Инвестициялық бұл жобаның жалпы құны 70 миллионан астам долларға бағаланып отыр. Ол 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Кәсіпорын өнімінің ТМД елдерінің қалайыға деген сұранысын жабуға мүмкіндігі бар. Еуразия даму банкінің бағалауы бойынша, бұл жобаны жүзеге асыру кезінде таяудағы жылдары Қазақстан мен Ресейде тікелей және аралас салаларда 3,5 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылмақ.