«Еуразия дауысы» ретро әндер байқауының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Күлтегін» мейрамы аясында өткен «Еуразия дауысы» қалалық ретро әндер байқауының жеңімпаздары анықталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жыл сайын өтетін дәстүрлі өнер байқауына биыл іріктеу турынан өткен 19 жас әнші қатысты. Қазылар алқасының шешімімен, өнер додасының I-ші жүлделі орнын Қазақ Ұлттық музыка академиясының студенті Елнар Дүйсенбиев иеленді. II-ші орынды Еуразия ұлттық университетінің қос әншісі, апалы-сіңлілі Лунара және Динара Қыдырниязовалар еншілесе, III-ші орынды Қазақ Ұлттық музыка академиясының студенті Диана Маева қанағат тұтты.
Соңғы жаңалықтар