Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа өзгеріс енгізетін заң ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорда Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа өзгеріс енгізетін заңды ратификациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.