«Еуразия кубогы»: Алғаш рет Астанада Юрмала фестивалінің аналогы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - КВН ойынының жаңа форматы - Астанада алғаш рет елорданың туған күніне орай «Еуразия кубогы» фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 
None
None

АМиК-тің ауқымды жобаларының бірі әзіл-сықақ мерекесіне айналмақ. Фестивальге КВН жоғары лигасына қатысушы 7 команда және биыл Қазақстанның атынан көңілділер және тапқырлар клубының Премьер-лигасына қатысып отырған «Сборная Коргалжино» командасы қатысады. Кеш жүргізушісі кіші Александр Масляков.
null 

Әзіл кешінде КВН-ның үздік командалары бәсекеге түседі: Жоғары лиганың үш дүркін чемпионы - «РУДН», Жоғары лиганың 2016 жылғы чемпионы - «Азия Микс», Жоғары лиганың 2014 жылғы жеңімпаздары - түмендік «Союз», Жоғары лиганың финалистері - «Борцы», «Раисы», «Плюшки» және «Русская дорога» командалары.

Шара барысында Жоғары лиганың өткен жылғы жеңімпазы «Спарта Номад» командасы Астананың намысын қорғайды.
«Еуразия кубогында» әрбір команда сахнаға екі мәрте шығады - «Сәлемдесу» және «Триатлон» конкурстарында, олар команда көшбасшыларының әзіл-қалжыңдарынан, музыкалық номерлерден және жаттығудан тұрады.

Фестиваль жеңімпаздарын КВН ойындарының тұрақты төрешісі Юлий Гусман жетекшілік ететін білікті қазылар алқасы анықтайды. КВН-ның төрешілер командасына сондай-ақ, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, КВН-да қазылар алқасында жиі болатын Алексей Ягудин, «Казахи» КВН командасының капитаны - Нұрлан Қоянбаев және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері енді.

Езуіңізге күлкі үйіретін көңілді кеш 4 шілдеде «Барыс Арена» мұзайдын сарайында өтеді. Билеттер www.topticket.kz сайтында сатылады.

Айта кетейік, «Еуразия кубогы» КВН ойынының трансляциясы қыркүйек айының соңында КВН-ның ресми арнасында және «Хабар» телеарнасының эфирінде жүргізіледі.

null 

Соңғы жаңалықтар