15:39, 18 Мамыр 2009 | GMT +5
«Еуразия» сақтандыру компаниясы «J.P. Morgan Chase & Co» халықаралық қаржы компаниясын қайта сақтандыруға қатысады
АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Еуразия» сақтандыру компаниясы «J.P. Morgan Chase & Co» халықаралық қаржы компаниясының барлық мүліктерін қатерден қайта сақтандыруға қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Еуразия» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Келісім бойынша қайта сақтандыруда барлық мүліктік қатерлер қамтылған. Оның ішінде, тасқын, жер сілкінісі, құрал-саймандардың бұзылуы, өндірістік үзіліс те бар. Қазақстандық ірі сақтандырушының ықпалды ғаламдық қаржы институтын қайта қаржыландыруға қатысуы оның әлемдік нарықтағы жоғары беделін тағы да дәлелдей түседі. «J.P. Morgan Chase & Co» компаниясы инвестициялық банкинг, қаржылық қызмет, сенімді басқару саласындағы әлемдегі ең байырғы және аса ықпалды қаржы институты саналады. Ал «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ 1995 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда ол әлемнің 80-ге жуық елінде қызмет жасайды. Сондай-ақ әлемдегі 150 ірі қайта сақтандырушының қатарына енетін бұл компания «Standard&Poor?s» рэнкингінде 126-шы сатыда тұр.