«Еуразия» сақтандыру компаниясы «Сақтау» ақпараттық жүйесін енгізді
АЛМАТЫ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру полистерінің түпнұсқалығына 100 пайыз кепілдік беретін «Сақтау» деп аталатын жаңа ақпараттық жүйені енгізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТМД елдері аумағында баламасы жоқ бұл жобаны жасағандар - Александр Пархоменко мен Сергей Земнухов. Бұл идеяның тууына «жол бойында жүрген» 100 мың жалған сақтандыру полистері туралы БАҚ-та жарияланған материалдар түрткі болған көрінеді. Жаңа өнімнің бірегейлігін ескеріп, жоба авторлары өз құжаттарын Зияткерлік меншікті қорғау комитетіне де тапсырып отыр. Қыркүйек айында тәжірибе ретінде енгізілген бұл жүйе компанияда қазан айында толық режімге көшірілген. Ол тұтынушыға сақтандыру полисінің мерзімі мен оның уақытының аяқталғанын SMS көмегімен алдын ала ескертіп отыруға мүмкіндік береді.