Еуразия сауда биржасының жедел нарықтағы күндізгі сессиясы котировкалардың төмендеуімен жабылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда 3-4 сыныпты астықты жеткізушілердің сәуір-маусым айларындағы фьючерстік келісімшарттарының саудасы өтті. 3-ші сортты астықта сәуірдегі фьючерстердің бағасы сейсенбіге қарағанда 710 теңгеге немесе 4,9 пайызға төмендеді. Кеше оның есептік бағасы 1 тоннаға 13 мың 840 теңгені құраған еді. Мамырдағы фьючерстер керісінше 620 теңгеге немесе 4,2 пайызға өсті. Өткен жолғы күндізгі саудамен салыстырғанда ол тоннасына 14 мың 60 теңгеден болып отыр. Маусымдық фьючерстің котировкасы да 620 теңгеге немесе 4,2 пайызға ұлғайып, соңғы деректермен салыстырғанда әр тоннаға 14 мың 60 теңгені құрады. Ал 4-ші сортты астықта сәуірдегі фьючерс 620 теңгеге арзандап (4,2 пайыз), тонна үшін 12 410 теңге болды. Сондай-ақ мамырдағы фьючерстің котировкасы да 430 теңгеге төмендеп (3,5 пайыз), тоннаға 11 750 теңгені, маусымдағы фьючерс болса 200 теңгеге кеміп (1,6 пайыз), тонна үшін 11950 теңгені құрады.