14:59, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Еуразия» СК апатқа ұшыраған ресейлік тікұшаққа сақтандыру төлемін жасады
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қазақстандық «Еуразия» сақтандыру компаниясы ресейлік апатқа ұшыраған «Илкон» ААҚ-на тиесілі Eurocopter «AS-35NP» RA-04044 тікұшағы үшін сақтандыру төлемін жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Еуразия» СК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған тікұшақ қону кезінде техникалық талаптарды сақтамаудан шассиі мен кабинасы зақымданған.Қазақстандық сақтандыру компаниясы бұған 353 409 ресей рублімен сақтандыру төлемін жүзеге асырған.
1995 жылы құрылған отандық компания әлемнің 75 елінде жұмыс істейді.150 ең ірі сақтандыру компанияларының қатарында. Биылғы жыл басынан бері компания 1,642 миллиард теңгелік сақтандыру төлемін жасаған.