Еуразия ұлттық университеті ғимаратында техникалық бөлмеден түтін шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратында техникалық бөлмедегі түтіннен ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы осы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Еуразия ұлттық университеті ғимаратында техникалық бөлмеден түтін шықты

 «Бүгін таңғы сағат 7:00 кезінде Еуразия ұлттық университетінің Сәулет факультетінің ғимаратының техникалық бөлмесінде түтін шықты. Сол уақытта дабыл белгісі соғылып, оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жетті. Көп  ұзамай өрт сөндірушілер түтін шыққан тетікті анықтап, өшірді», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы ретте жоғары оқу орнының өкілдері студенттердің сабағы сағат 8:00 кезінде басталатынын, осы ретте техникалық бөлмеде түтін шыққан уақытта ғимаратта студенттер болмағанын атап өтті. Бұл оқиға салдарынан ешкім де зардап шекпеген. Дегенмен де ТЖД қызметкерлері ғимараттағы тиісті тексеру шараларына байланысты студенттердің сабағын кейінге шегеруге нұсқау берген көрінеді.

 Қазіргі уақытта университеттің қалған ғимараттарында қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр.