Еуразия Ұлттық университеті өзінің 20 жылдығын мерекелеуде

ЕҰУ 20 жылдығына орай, Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты (ЦМПИ) мен ЕҰУ түлектерінің, оқытушылары мен қызметкерлерінің кездесуін өткізді.
Мерекелік шараға жиналғандардың назарына мерекелік концерт, деректі фильм ұсынылды. Түлектер мен ЦМПИ соңғы ректоры Амангелді Құсайынов сөз сөйледі. Кеш барысында білім ордасының үздік түлектері марапатталды.
Сонымен қатар, мерейтойды атап өту аясында ЕҰУ, ЦМПИ пен ЦИҚИ түлектері үшін ашық есік күні өткізіліп, бұрынғы студенттер университеттің барлық корпустарын, музейлер мен студенттердің үйлерін аралады. Бұдан басқа, университетте «Қалыптасу мен дамудың 20 жылы» фотокөрмесі ашылды.
Еске салайық, Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты 1962 жылы ашылған. Целиноград инженерлік-құрылыс институты Қазақстан Компартиясының ОК мен Қазақ КСР Кеңесінің 1964 жылғы 29 мамырдағы қаулысының негізінде құрылған.