Еуразия Ұлттық университеті студентінің өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды - ІІМ
Соған қарамастан бүгін аталмыш фактіге байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша біз көпшілікті қосымша хабардар ететін боламыз», дейді Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті Алина Танаева сәуірдің 22-і күні өзі оқитын оқу орнының маңында өсіп тұрған ағашқа асылып қалған жерінен табылды. Ұқыпты әрі сәнді киінген қыздың жанынан қолхат табылған. Онда студент қыз «Менің өліміме бірге оқитын курстастарым мен мені түсінбей бар кінәні өзіме жапқан ұстаздарым кінәлі» деп жазған және өзі кінәлап отырған курастастары мен ұстаздарының аты-жөндерін көрсеткен.
Ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге қарағанда, 19 жасар Алина Танаева Жамбыл облысының Байзақ ауданынан келген. Ұлттық бірыңғай тестен 111 бал жинаған ол жоғары оқу орнына грант арқылы түскен. Сондай-ақ сәуірдің 20-сы күні үйіне телефон шалып, өзін 10 қыздың жабылып ұрып-соғып, сөмкесі мен ақша алатын кәртішкесін тартып алғандығын айтқан. Болған жайдан қаныққан соң Астанаға қыздың ағасы келген. Ал ағасына студент қыз Мадина атты құрбысымен бір жігітке бола ұрсысып қалғандығын, ал құрбысы курстас қыздардың барлығын оған қарсы қойғандығын айтқан. Бұдан соң бір курста оқитын қыздардың барлығы жиналып, Алинаны тізерлеп отырып, кешірім сұратпақ болған. Алина кешірім сұраудан бас тартқан соң оны құрбыларының барлығы соққыға жығып тепкілеген.