Еуразия ұлттық университетінде «ENU.net» студенттік желісі ашылады

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «ENU.net» студенттік желісінің техникалық мәселелері талқыланды.
None
None

Университеттің Оқу-есептеу орталығының директоры Талғат Әшімнің айтуынша, аталған электронды желі университеттің ақпараттық мүмкіндіктерін күшейтіп, бейнесұхбаттасу, телефон және Интернет тетіктерін барынша дамытуды көздейді. Сондай-ақ ол арқылы қашықтан оқыту жүйесі қолға алынбақ. Жобаға «Қазақтелеком» АҚ, «Хуавей» корпорациясы, Еуразия ұлттық университеті және Майкрософт компаниясы қатысуда.

Еуразия ұлттық университетіндегі «ENU.net» студенттік желісін алдағы бір-бір жарым айдың ішінде ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар