Еуразия ұлттық университетінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Наурыз мерекесі басталған күні университетке қарасты 11 факультеттің арасында арнайы байқау жарияланған болатын. Университет басшылығының Наурыз мейрамын бір ай бойы тойлауға байланысты игі бастамасы аясында факультеттер мен әскери кафедра қызметкерлері халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына арналған іс-шараларды, сондай-ақ мерекелік концерттерді ұйымдастыруда. Ал университеттің арнайы комиссиясы осы жұмыстарға баға беріп, бір айдан кейін өз шешімін шығармақ. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар