Еуразия ұлттық университетінде сот мәжілістерін өткізу жоспарлануда
sp;АСТАНА. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Сот билігі залы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жас заңгер мамандардың тәжірибесін шыңдау мақсатында ашылып отырған Сот билігі залында Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен оқу-тәжірибелік сот мәжілістерін өткізу жоспарланып отыр. Университет ректоры Бақытжан Әбдірайымовтің сөзіне қарағанда, бүгін ҚР Жоғары сот пен Еуразия ұлттық университеті арасында рәсімделген ынтымақтастық туралы меморандум аясында жас заңгер мамандарды даярлау ісіне ерекше басымдық берілмек. «Қазіргі кезде біз осы Сот билігі залында азаматтық істер бойынша көшпелі сот мәжілістерін өткізуді ұсынып отырмыз», дейді Б.Әбдірайымов.