Еуразия ұлттық университетінде Журналистика факультетін ашу үшін ақпараттық қолдау қажет ? Н. Омашев

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еуразия ұлттық университетінің басшылығы Журналистика факультетін ашуға ниет білдіріп отыр.

Еуразия ұлттық университетінде Журналистика факультетін ашу үшін ақпараттық қолдау қажет ? Н. Омашев
Ендігі жерде осы бастаманы жан-жақты насихаттап, оның жүзеге асуына ақпараттық қолдау көрсету қажет. Бүгін ҚР Баспасөз күніне орай Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан «Қазақстан журналистикасы: өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстелде ғалым, белгілі журналист Намазалы Омашев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, журналистика саласындағы үгіт-насихат стихиялы түрде болмауы қажет. Ондай жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Ол үшін осы бағыттағы мамандардың кәсіби дайындықтары жоғары болуы шарт.«Қазіргі кезде Еуразия ұлттық университетінің басшылығы осында Журналистика факультетін ашуға ниет білдіріп отыр. Бұл үлкен жетістік. Ендігі жерде осы бастаманы жан-жақты насихаттап, оған ақпараттық қолдау көрсету қажет. Біз бәріміз бірлесіп, журналист мамандарды даярлауды кәсіби деңгейге жеткізуіміз керек», - дейді Н.Омашев.