Еуразия ұлттық университетінің ұжымы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақыларын аударады

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақыларын аударады,

Еуразия ұлттық университетінің ұжымы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақыларын аударады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін университеттің әкімшілік корпусын жинаған ректор Бақытжан Әбдірайым осындай ұсыныспен шықты. Жиналысқа қатысқан барлық қызметкерлер университет басшысының бұл ұсынысын бірауыздан қабылдады. «Бұл Алматы облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға кішігірім болса да, көмек болмақ», - деді Б.Әбдірайым.