Еуразия университетінде шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіледі

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - 9 қараша күні ҚР Президенті Әкімшілігі бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қазақстандық спикерлер ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық шаралары қарсаңында және ақпараттық науқан аясында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу өткізеді деп жоспарлануда,

Еуразия университетінде шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіледі

деп хабарлайды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоспарға сәйкес Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша баспасөз конференциясын өткізеді. Жиында ЕҰУ ректоры Б.Әбдірайым Қазақстандағы жоғары білім беру мәселелері төңірегінде ой қозғайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Қазақстанның ірі ғылыми және үздік білім беру орталығы. Жетекші халықаралық QS World University Rankings агенттігінің сараптамасы нәтижесінде әлемнің 17 мың жоғары оқу орындары арасында ЕҰУ 2010 жылдың ең үздік 500 университетінің қатарына енді.