«Еуразия» жобасы мұнай өндіру құлдыраған уақытта жаңа кен орындарын іске қосу тұрғысынан өзекті - Ұ. Қарабалин

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Еуразия» жобасы мұнай өндіру құлдыраған уақытта жаңа кен орындарын іске қосу тұрғысынан өзекті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барыс ында Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
None
None

Брифинг Елбасы айқындаған «100 қадам» Ұлт жоспары аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы ілгері реформалар тақырыбында өткен болатын.

«Еуразия» халықаралық жобасы қазіргі таңда дайындық фазасында тұр. Біз бұл жобаны тұтастай Каспий маңы ойпатындағы негізгі көмірсутектің ресурстық қорларын барлап, зерттеулер бойынша қарастырамыз. Айта кетерлігі, шамамен 2030-2040 жылдары Қазақстан бойынша тұтастай алғанда мұнай өндіру азая түседі, сондықтан да, сол уақыттарда біздің елімізде дайын әрі ауқымды ресурстар болуы тиіс. Яғни, Қазақстанда мұнай өндірудің табиғи құлдырауы орын алған тұста оның орнын жаңа ірі кен орындарымен толықтыруымыз керек», - деді Ұзақбай Қарабалин.

Оның айтуынша, Каспий маңы ойпаты әлемдегі ең бірегей аймаққа жатады және онда көмірсутек шикізатының қоры айтарлықтай басым.

«Жеңіл алынатын, арзан өндірілетін мұнай, жеңіл дайындалатын ресурстар дәуірі аяқталып келеді. Ендеше, Каспий маңы ойпатында келешекте ашылатын ірі кен орындарының біршама тереңде жатқанын ескеру керек. Бұл бағытта бірқатар елдердің, мәселен тереңдігі 9 мың метрден асатын кен орындары бойынша Мексика бұғазы елдерінің тәжірибелері баршылық. Осы тұрғыдан қарасақ, ондай тереңдікте Каспий маңында да алып, супергигант кен орындарының ашылу ықтималдығы арта түседі. Сондықтан да, осыған сүйене отырып, біз республикамыздың ресурстық базасын қолдауды жалғастыратын боламыз», - деді Ұ. Қарабалин.

Соңғы жаңалықтар