Eуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа құрамы өз жұмысын бастады

жаңа құрам
Фото: eec.eaeunion.org/news

АСТАНА. KAZINFORM - 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы бүгін, өз ақпан күні өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты. 

Еске сала кетсек, бүгіннен бастап ЕЭК Алқасының төрағасы - Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев. 

ЕЭК Алқа мүшелері (министрлері) болып бекітілді:

- ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян;

-ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян; 

- ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович;

- ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий; 

- ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов; 

- ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Алишеров; 

- ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев; 

- ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев;

- ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев.

Соңғы жаңалықтар
telegram