«Еуразиялық банк» АҚ-ына жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстан Республикасыныңқаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Қайрат Бекетовты тағайындауға келісімін берген. Бұдан бұрын хабарлағандай, Қ. Бекетов 8-шілдеде «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.
Қайрат Бекетов 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, азаматтық құқық магистрі. Заңгер ретінде еңбек жолын Қазақстан банктерінің Қауымдастығы мен Қазақстан интернационалдық банкінде бастаған. 2002 жылдан 2005 жылға дейін «Steiner und Zingermann LLP» БК ЖШС-нің қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Альянс Банк» ААҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. 2007 жылы «Авантаж» корпорациясын басқарған. 2008 жылғы маусым айында «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 2008 жылғы шілдеде «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ал 8 шілдеден бастап «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.