Еуразиялық банк басшының жаңа орынбасары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Еуразиялық банк» АҚ басқарма құрамында өзгерістер болғандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Наурыздың 1-нен бастап, директорлар кеңесі Печенкин Олег Владимировичті басқарма төрағасының орынбасары қызметіне сайлады, делінген Қазақстандық қор биржасының сайтында.
Айта кетейік, 2016 жылдың мамыр айында Еуразиялық банк Ұлттық банктің рұқсатын алып және өткізу актісіне қол қойып, EU Bank-тің оған қосылуының ресми процедураларын жүзеге асырды. Осылайша, ірі құрылымға айналған банк өз жұмысын «Еуразиялық банк» берндімен жалғастырды. 2017 жылдың 14 ақпаны күні ол Global Finance халықаралық журналының талаптары бойынша «Сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк» аталымын жеңіп алды.