Еуразиялық Даму банкі Балтық жағалауында айлақ құрылысын несиелендіреді

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Еуразиялық Даму банкі Ленинград облысында Усть-Луга теңіз - сауда айлағының тапсырыс беруші-құрылысын салушы ресейлік «Усть-Луга компаниясы» ААҚ-ына 100 миллион доллар шамасында несие бергелі отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Несиелік ресурсты тартудың ставкасы - LIBOR + жылына 8,5 пайыздық ставка. Несие 9 жыл мерзімге беріледі. «Усть-Луга» айлағында 11 терминал мен автокөлік-теміржол паром кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Еуразиялық Даму банкі - ЕурАзЭҚ елдерінің жобаларын қаржыландыру үшін Қазақстан мен Ресей 2006 жылдың қаңтар айында құрған халықаралық банк.
Соңғы жаңалықтар