Еуразиялық Даму банкі кеңесіндегі Арменияның өкілетті өкілі тағайындалды

АЛМАТЫ. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат – Армения Үкіметі елдің энергетика және табиғи ресурстар министрі Армен Мовсисянды Еуразиялық Даму банкінің Кеңесіне өкілетті өкіл етіп тағайындады.

Еуразиялық  Даму банкі  кеңесіндегі Арменияның өкілетті  өкілі  тағайындалды
Кеңеске сондай-ақ энергетика министрінің орынбасары Иосиф Исаян ұсынылды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Армения Республикасы Еуразиялық Даму банкінің толыққанды мүшесі атанып, банк жарғысына сәйкес Армения банк кеңесін өз өкілдерін тағайындағаны туралы ресми хабардар етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұған дейін Банк кеңесінің құрамына - Ресей мен Қазақстанның өкілдері ? Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Виктор Христенко (Кеңес төрағасы), РФ министрінің орынбасары Дмитрий Панкин, Қазақстанның қаржы министрі Болат Жәмішев (Кеңес төрағасының орынбасары) және ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Қуандық Бішімбаев қана кірген еді. Еуразиялық Даму банкі ? 2006 жылдың қаңтарында Ресей мен Қазақстан қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, тұрақты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қолдау көрсету мақсатында құрған халықаралық қаржылық ұйым. Банктің жарғылық капиталы ? 1,5 миллиард АҚШ доллары.