Еуразиялық Даму банкі «Кеңлік» кенішінде ілеспе газды өнеркәсіптік кәдеге асыруды ұйымдастыру жобасын қаржыландыруға атсалысады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Еуразиялық Даму банкі Қазақстанның Қызылорда облысындағы «Кеңлік» кенішінде ілеспе газды өнеркәсіптік кәдеге асыруды ұйымдастыру жобасын қаржыландыруға атсалысады.
None
None
Банк пен Kazfrac жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің арасында қол қойылған несие келісімшартына сәйкес, аталмыш жобаны жүзеге асыруға банк жандандырылмайтын несие желісі бойынша 8 жылға 25 миллион доллар қаржы бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жоба ілеспе мұнай газын өртеудің орнына, оны кәдеге асыру және өңдеу арқылы, оңтайлы пайдалануды қарастырады. Өңдеу нәтижесінде алынатын химиялық өнімдер (сұйытылған пропан-бутан және газды бензин) отын ретінде коммуналдық шаруашылықта кеңінен қолданылады, ал пиролиз шикізаты - мұнай-химиялық кәсіпорындары мен зауыттарында органикалық синтез ретінде пайдаланылады.
Соңғы жаңалықтар