Еуразиялық даму банкі Сібірдегі көмір разрездерін техникалық қайта жарақтау жобаларын несиелендіруде

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Еуразиялық даму банкі «Сібір көмір-энергетикалық компаниясы» ашық акционерлік қоғамымен несиелік келісімге отырды.
None
None

Бұл келісім Сібірдегі көмір разрездерін техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі инвестициялық жобаның аясында жасалды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен. Қол қойылған келісімге сәйкес, банк сібірлік компания үшін 5 жыл мерзімге және 55 миллион доллар сомаға несиелік желі ашады.

Еуразиялық даму банкінің қаржылық ресурстары Хакасиядағы, Бурятиядағы және Кемерово облысындағы көмір разрездері үшін жүк көтеру қуаты 220 тоннаға дейін жететін жаңа 25 БелАЗ самсосвалдарын сатып алуға жұмсалмақ.

Аталмыш жоба сібір өңірінің орнықты экономикалық дамуына қосылған айтулы үлес болып табылады, ол сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасының арасындағы өзара сауда-саттықтың көлемін арттырады, дейді сарапшылар.

Еуразиялық даму банкі - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы 2006 жылы құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. Банктің миссиясы - қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың экономикалық өсуіне үлес қосу және инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы елдердің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту болып табылады.

Соңғы жаңалықтар