Еуразиялық экономикалық одақ келешекте Әзірбайжан, Түркия мен Иран арқылы кеңейе түсуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың алдағы уақытта Қырғызстан мен Тәжікстаннан бөлек, Әзербайжан, Түркия мен Иран арқылы кеңейе түсуі жоққа шығарылмайды.
None
None

Бұл туралы бүгін ХІІ Еуразиялық медиа-форум барысында ЕурАзЭқ институтының бас директоры Владимир Лепехин мәлім етті. Еске сала кетейік, медиа-форум аясында бүгін «Еуразиялық интеграция. Экономикалық «төңкеріс болуы мүмкін бе?» атты тақырыпта пікірталас алаңы ұйымдастырылған еді. ЕурАзЭҚ институты басшысының айтуынша, бүгінгі күні экономикалық одақ туралы шартқа төрт ел қол қоюға әзір. Ал кезекте Қырғызстан мен Тәжікстан да бар. «Дегенмен, бұдан бөлек ешкім күтпеген қадамдарға қарай басу да болып қалуы ықтимал, бұл бағытта да жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте еуразиялық одақтың қызметіне 2015-2016 жылдарға қарай Әзербайжан мен Түркияның қандай да бір деңгейде араласып қалуы да маңызды», - деді В.Лепехин. Оның пікірінше, бұндай жағдай орын алған болса, онда осындай ауқымды экономикалық одаққа Иранның қосылу мүмкіндігі туралы мәселе де күн тәртібіне өзі сұранатын болады.

Соңғы жаңалықтар