Еуразиялық экономикалық одақ тиімді-тиімсіз деген сынды үстірт әңгімелерге тойтарыс беруі қажет - Мемлекет басшысы
«Біз ХХІ ғасырда бірлесіп технологиялық секіріс жасау үшін экономикалық одақ құрудамыз. Үш ел бір-біріне жаһандық бәсекелестікте көмек көрсетуі үшін ықпалдасуда», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысының алға тартқан деректеріне қарағанда, Кеден одағы құрылған кезден бері Қазақстанның Ресей және Беларусьпен арадағы тауар айналымының көлемі 88 пайызға өсіп, 24 млрд. долларға жеткен. Сонымен бірге Қазақстанның бұл елдегі экспорты 63 пайызға артып, шамамен 6 млрд. долларды құраған.
«Қазіргі уақытта барлық интеграциялық қадамдардың халықтық дипломатиямен, кең ауқымды қоғамдық қолдаумен, ең алдымен Ассамблея тарапынан нығая түскендігі маңызды. Бұл тиімді-тиімсіз деген сынды үстірт әңгімелерге жақсы түсінік әрі тойтарыс беруі қажет», - деді Елбасы.