Еуразиялық интеграция - бұл ұлы мүмкіндік - Н. Назарбаев

МӘСКЕУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық интеграция - бұл ұлы мүмкіндік. Бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Мен қашан да еуразияшылдар мектебінің ғылыми мұраларына, оның ішінде Л.Гумилевтың түбегейлі тарихи тұжырымдарына ерекше құрметпен қарайтынымды жақсы білесіздер. Бұл бағыт бізге көптеген дүниелерді берді. Уақыттың өзі идеялардың алдын орап жатқанын ескерсек, ХХІ ғасырда еуразиялық бағытты терең зерделеу ерекше өзекті болып барады. Ал жалпы жаһандану үдерісінде өмір сүріп отырған біздер үшін ең құндысы ретінде Гумилев еңбектерінің барша халыққа өздерінің бірегей тарихи-мәдени кодымен мақтануға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ идеясының қоғамның кең ауқымды қолдауы арқасында нақты іс-шаралардың толыққанды әрекеттеріне айналғанын атап өтті. «ТМД елдерінің басым бөлігі қатысатын еркін сауда аумағына айналған ЕурАзЭҚ, Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік - мұның бәрі біздің бірлескен жұмысымыздың жемісі», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар