Еуразиялық интеграция мал шаруашылығы өнімдерінің еркін айналымына жол ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық интеграция мал шаруашылығы өнімдерінің еркін айналымына жағдай жасайды. Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Мереке Тайтубаев осылай деді.
None
None

Төраға орынбасарының айтуынша, Кедендік одақ аясындағы ветеринарлық-санитарлық шаралар жөніндегі келісім бойынша мал шаруашылығы өнімдерін, шикізатын сату кезінде ветеринарлық бақылауы жеңілдетілген.
«Мәселен, бұрын шекара арқылы бір елден екінші елге тауар жіберу үшін 6 құжатты ауыстыру керек болатын. Енді оның орнына ветериналық сертификат қолданылады. Бұл Кеден одағы кеңістігіндегі елдер арасындағы қатынасты анағұрылым жеңілдетеді. Оның үстіне үш елге ортақ реестр құрылған», - деді М. Тайтубаев.
Оның сөзіне қарағанда, еуразиялық интеграция аясында ветеринарлық препараттарды пайдалану саласында да жағымды жақтар баршылық. Мәселен, егер бұған дейін келісім күшіне енбей тұрған шақта Қазақстан аумағына ветеринарлық препараттарды сату үшін арнайы тіркеу өту қажет болатын. «Ал қазіргі таңда Қазақстанмен қоса Ресей, Беларусь елдерінде тіркелген препарат Кеден одағының аумағында еш кедергісіз теңдей қызмет ете береді», - деді М.Тайтубаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум